Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылғы 25 тамыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлатуға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгерістердің күшіне енгенін еске салады:
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің және мүліктің болуы міндетті шарт болып табылмайды;
- соттан тыс банкроттық рәсімін барлық ұйымдарға қатысты қолдануға болады. Бұл ұйымдар – банктік қарыз шарттары, қарыз (несие) шарттары және микронесие беру шарттары бойынша талап ету құқығына ие ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысындағы немесе тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар.
- қарыз алушы өтініште кредитор туралы, берешек сомасы туралы мәліметтерді көрсетуден және қандай да бір құжаттарды қоса беруден босатылады.
- 1 АЕК-тен аз берешек бойынша төлемдер өтелген болып есептелмейді. Қарызды коллекторлық агенттікке беру жағдайында өтелмеу мерзімі талап (құқық) берілген күнге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.
- егер қарыз төлемдері 12 айдан астам уақыт бойы жүргізілмесе, онда қарызды реттеу рәсімін жүргізу талап етілмейді.