Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 сәуірде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 74-VIII Заңға қол қойды, оған сәйкес 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда темекі шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштерді және олар үшін сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
Тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілік
Әкелу мен өндіру 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сату және тарату 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Топпен немесе бірнеше рет жасалған әрекеттер 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жеке пайдалануға әкелуге бола ма?
Заңдаәкелумақсаттарыменрұқсат етілген мөлшергеқатыстынақтыкритерийлербелгіленбегеніненазараударамыз.Тіптіжекепайдалануғаарналған жеке импорттың өзі қылмыстықісқозғауғаәкелуімүмкін.
Туристерге арналған кеңес
Заңнаманы бұзбау үшін шегілмейтін темекі бұйымдарын және электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) әкелуден бас тарту ұсынылады.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы