"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекске (343-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы) сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.
Алайда, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолданыстағы ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамымен есептелген қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 (он мың) АҚШ долларының баламасынан асатын сомада әкетуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, "Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер аталған тұлғалармен бірге жүретін адамның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларациясында көрсетіледі.
Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы