Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» - QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.