Құрметті салық төлеушілер!
Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру және салық төлемдерін төлеу мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША
8 шілде
701.00 нысаны – 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.
15 шілде
400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. мамыр айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
21 шілде
328.00 нысаны – 2025 ж. маусым айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША
8 шілде
2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.
21 шілде
2025 ж. маусым айына ЕАЭО-да ҚҚС;
2025 ж. маусым айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
25 шілде
2025 ж. шілде айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
2025 ж. маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
2025 ж. маусымда төленген табыстардан ЖТС;
2025 ж. маусым айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;
2025 ж. маусым айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.