Ортақ меншіктегі мүліктің салығын қалай төлеуге болады?

Ортақ меншіктегі мүліктің салығын қалай төлеуге болады?

Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 33-бабы).

Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды. Ортақ үлестік меншікте осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері салық төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті орган («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) жіберген мәліметтердің негізінде ерлі-зайыптылардың біріне мүлік салығын есептейді.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында 2024 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.

Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде және
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halyk bank» мобильді қосымшаларында көруге болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы