Ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2024 жылға салық төлеу мерзімі аяқталады.
Қазіргі уақытта павлодарлықтар мүлікке салық төлемдері туралы SMS-хабарлама алады.
Мүлік салығының сомасын "e-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" деректемелері бойынша, сондай-ақ "Halyk Bank", "Kaspi Bank" банктерінің қосымшалары арқылы білуге және бір мезгілде төлеуге болады.
Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған жеңілдікті санаттардың тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында айқындалған.
Жеңілдікті санатқа мыналар жатады:
- Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiнің иегерлері – салық салынатын барлық объектілердің жалпы құнының айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа да мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлер, КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған тұлғалар , сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кемінде алты ай еңбе еткен бірақ марапатталмаған тұлғалар салық салу объектілерінің жалпы құнының 1500 айлық есептік көрсеткiш шегінде;
- мүгедектігі адамдар – салық салынатын барлық объектілердің жалпы құнының 1500 айлық есептік көрсеткiш шегінде;
- жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – жер учаскілері, тұрғын үйлер, ғимарттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өз иелігіндегі өзге де құрылыстар, ғимараттар, жайлар бойынша;
- "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көпбалалы аналар – жер учаскілеріне сондай-ақ мүлік салығына (тұрғын үйлер, ғимараттар,саяжай құрылыстары, гараждар,автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар) бойынша мүлік құны 1000 айлық есептік көрсеткiш шегінде салық төлеуден босатылады;
- бөлек тұратын зейнеткерлер (тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген жағдайда) жер учаскілері бойынша, сондай-ақ жеке меншіктегі барлық мүлік түрлерінің бойынша салығына (тұрғын үйлер, ғимараттар,саяжай құрылыстары, гараждар,автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар) бойынша мүлік құны 1000 айлық есептік көрсеткiш шегінде салық төлеуден босатылады.
- Жеке кәсіпкерлер-кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын нысандар бойынша бірақ мына нысандар қоспағанда, тұрғын үйлер және салық салу базасы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын өзгеде нысандар;
- көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар – пәтердің (бөлменің) меншік иелері.
Анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының-1414 (3) тегін нөмірі бойынша немесе салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасына жүгіне алады.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті салықтарды төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақтылы төлеуге шақырады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы