Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жататынын хабарлайды:
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
- бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
- Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
- тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;
- салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі жоқ.