Камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі

Камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды дербес жою құқығын қамтамасыз ету болып табылатынын хабарлайды.

Салық есептілігін талдау нәтижелері бои‌ынша кірістерді төмендету, шығыстарды заңсыз көтеру, салық мөлшерлемелерін дұрыс қолданбау, жеңілдіктерді негізсіз қолдану және т.б. анықталған жағдаида, камералдық бақылау хабарламалары жолданады.

Хабарламаны орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келісілген жағдаи‌да қосымша салық есептілігі ұсынылуы қажет.

Бұзушылықпен келіспеген жағдаи‌да бұзушылықтардың болмауы туралы түсініктеме ұсыну талап етіледі.

Қазіргі уақытта камералдық бақылау бағыты адам факторын алып тастаи‌ отырып, автоматтандырылған қызмет көрсету үлгісіне қаита қалыптастырылған.

Осылаи‌ша, растаи‌тын құжаттарды ұсыну және олар бои‌ынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару міндетін алып тастау арқылы тәуекелдің орташа дәрежесі бар хабарламаларды орындау тәртібі оңаи‌латылды.

Сонымен қатар, камералық бақылау хабарламаларына жауап берген салық төлеушілерге қатысты банк шоттары бои‌ынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмеи‌тінін қосымша атап өткен жөн.

Тиісінше, орташа тәуекел дәрежесі бар барлық хабарламалар автоматты түрде орындалды деп танылады.

Өз кезегінде, салықтық тексерулер салық заңнамасын жүи‌елі түрде бұзатын және алдын алу шараларына (камералдық бақылау хабарламалары, хабардар ету) ден қои‌маи‌тын салық төлеушілерді қамтитын болады.