Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған 2 ауқымды акцияның іске қосылғаны туралы хабарлайды.
- 1. "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті "Amian" мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.
- "Бәйге" жаңа акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін – мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!
Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.