Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды тиісті сертификаттарсыз, сәйкестік белгілерінсіз және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін сату және сақтау фактілерін анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер заңсыз болып саналады және сатуға рұқсат етілмейді.
Мәселен, 2025 жылғы 22 сәуірде сауда нүктелерін тексеру барысында Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз кальян темекі өнімдерін сату фактілері анықталды. Айналымнан 772 орау темекі тәркіленді. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, Департаментпен ағымдағы жылдың басынан бері көлеңкелі нарыққа қарсы күрес бойынша 33 тексеру шарасы өткізілді. Оның барысында 6248 литр заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді. Мұнай өнімдерін заңсыз сату тоқтатылды. 2829,1 тонна мазут тәркіленді.
Осыған орай, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнім айналымы саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Нарыққа қажетті құжаттарсыз келетін мұндай тауарлар экономика үшін ғана емес, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін де қауіп төндіретінін атап өткен жөн.
Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін тауарлар айналымы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.