
Мемлекеттік бажды қайтару үшін қайтарудың негізділігін растайтын тиісті органның құжатын қоса бере отырып, өтініш беру қажет.
Өтінішті «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы, «e-Salyq Аzamat» мобильдік қосымшасы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы қағаз жеткізгіште ұсынуға болады.
Мемлекеттік бажды қайтару Салық төлеушінің банктік шотына қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.