Декларациялауға қалай дайындалу керек?

Декларациялауға қалай дайындалу керек?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын қалай тексеруге болатындығы туралы хабарлайды?

Декларацияны толтырар алдында 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынамыз:

1) тиісті растайтын құжаттарды дайындау;

2) нотариустардан қарыз шарттарын куәландыруды;

3) банк шоттарына ақшалай қаражатты (10 000 АЕК-тен жоғары) орналастыруды;

4) тәуелсіз бағалаушыдан қымбат мүлікті бағалау;

5) толтыру алдында Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын келесі сайттарда өз бетінше тексеру ұсынылады:

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімдер бойынша https://homeportal.kz, https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

- бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

- сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

- несиелік келісімдер үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.