Жалпыға бірдей декларация бойынша сұрақтар/жауаптар

Жалпыға бірдей декларация бойынша сұрақтар/жауаптар

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 2024 жылы салық декларациясын ұсыну бойынша ең танымал 5 сұраққа жауап береді.

 

СҰРАҚ: Неліктен декларацияда тек 10 000 АЕК дейінгі қолма-қол ақша көрсетіледі?

ЖАУАП: 2023 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға өсті. Банк карталары ересектерден бөлек балаларғада арналған.

Айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі аз екенін ескере отырып, декларациялау кезінде әрбір азамат 34,5 млн. теңгеден (10 000 АЕК) аспайтын сомада қолма-қол ақшаны көрсетуге құқылы.

 

СҰРАҚ: Салық органдары шетелдік көздерден түсетін кірістер туралы қалай біледі?

ЖАУАП: Автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келісімге сәйкес, 2021 жылдан бастап Шетел банктеріндегі шоттарға түскен қазақстандық азаматтардың табыстары туралы 80 елден мәліметтер келіп түседі (мәліметтер: банк шоттарындағы ақша қаражатының қалдығы; алынған дивидендтердің сомалары; активтерді және басқа да кірістерді сатудан түскен түсімдердің сомалары және т.б.).

Ағымдағы жылы ғана шетелдік банктердегі кірістерге  камералдық бақылау қорытындысы бойынша 568 салық төлеушіден  3 млрд.теңге салық өндірілді.

 

СҰРАҚ: Егер мен декларацияны дұрыс толтырмасам не болады?

ЖАУАП: Азаматтар кез келген қателерді немесе дәлсіздіктерді қосымша декларация беру арқылы өз бетінше жоюға құқылы. Салық кодексінің 48-бабына сәйкес талап қою мерзімі үш жыл.

 

СҰРАҚ: Менде қымбат гауһар алқа бар. Оны декларацияда көрсету керек пе?

ЖАУАП: Сіз 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша  бағалау құны 3,4 млн. теңгеден (1000) АЕК) асатын кез келген қымбат мүлікті декларацияда көрсетуге құқығыңыз бар.

Бағалау декларацияны тапсырғанға жасалған болуы қажет  (15 қыркүйекке дейін),  бұл ретте Сіз бағалауды кез-келген бағалау компаниясында жасай аласыз.

 

СҰРАҚ: Маған Қазақстан Республикасында басқа қалада бар жылжымайтын мүлікті көрсету керек пе?

ЖАУАП: Қазақстанда тіркелген мүлік декларацияда көрсетілмейді, өйткені мемлекеттік органдарда бұл ақпарат бар.

Декларацияда жылжымайтын мүлік құрылысына төлем шотына енгізілген ақшалай қаражат үлестік құрылысы болуы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс болған жағдайда 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша жүргізілген бағалаудан кейін құны 1000 АЕК-тен асатын өзге мүлік ретінде көрсетіледі.