Салық заңнамасының негізгі өзгертулері бойынша

Салық заңнамасының негізгі өзгертулері бойынша

Салық заңнамасының негізгі өзгертулері бойынша

 

         Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (жоспарлы Заң) 2022 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қоюына байланысты салық заңнамасының негізгі өзгертулері бойынша хабарлайды.

Уәкілетті өкілді айқындау рәсімін оңайлату бойынша

электрондық түрде мемлекеттік кірістер органдарында мүдделер білдіру үшін уәкілетті өкілді айқындау рәсімін оңайлатуды көздейтін Салық кодексінің 16-бабына толықтырулар енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі). Осы норма шеңберінде Салық төлеушінің кабинетінде – веб-қосымшасында тараптардың әрқайсысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатты ресімдеу мүмкіндігі іске асырылады, онда салық төлеуші өзінің уәкілетті өкілін, сондай-ақ өкілдің өкілеттіктерінің тізбесін айқындай алады. Бұл норма сенімхатты нотариалды ресімдеу қажеттілігін болдырмауға және салық төлеушілердің – жеке тұлғалардың уақытша және қаржылық шығындарын қысқартуға мүмкіндіктер береді.

Екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл бойынша

Салық кодексінің 24-бабында:

мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілер банк шоттарын ашқан, өзгерткен және жапқан кезде екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, хабарлама мерзімдерін өзгертуін көздейтін 1) және 6) тармақшаларға өзгерістер енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі);

пайда болған күннен бастап 2 ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар борышкерлер бойынша банктік үзінді көшірме бойынша Екінші деңгейдегі банктерге сұрау салу үшін шекті төмендетуді көздейтін, 13) тармақшаның сегізінші абзацына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады), 5 000 АЕК (бұрын 4 ай және салық берешегі 10 000 АЕК);

салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті толық өтегеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен банк шотын ашуға құқылы. оның ішінде салық төлеушінің көрсетілген банктік шоттан берешектің осы түрлерін аудару жолымен 15) тармақша екінші бөлікпен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік кірістер органдары шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалар тізілімін жариялау бойынша

Уәкілетті органның Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялауын көздейтін Салық кодексінің 29-бабының 3-тармағына толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Салық кодексінің 29-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдар туралы деректер базасын жүргізеді.

Бұл ретте мұндай адамдар туралы мәліметтерді жариялау туралы талап жоқ.

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының осындай тұлғалардың тізілімін (есептіліктің өзінсіз) жариялауын көздейтін түзету енгізілді.

Жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы салық төлеушінің деректеріне ашық қолжетімділікті ұсыну бойынша

салық құпиясы болып табылмайтын, салық есептілігінде көрсетілген жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы мәліметтер көзделетін Салық кодексінің 30-бабы жаңа 19) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша

Салық кодексінің 51 бабында:

5-тармақтың 1-бөлігі салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеу туралы шешімге салық міндеттемесін орындау кестесін қоса беруді көздейтін екінші ұсыныспен толықтырылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады);

салық төлеушінің дәлелді өтініші негізінде салық міндеттемесін орындау кестесін қайта қарауды, сондай-ақ кестені қайта қарау бір реттен артық емес жүзеге асырылуы мүмкін екенін белгілеуді көздейтін 7-тармақпен толықтырылды;

онда мемлекеттік кірістер органдары шектеулер қойған мүлікті кейінге қалдыру, бөліп төлеу үшін кепіл нысанасы бола алады деп көзделетін Салық кодексінің 52-бабы 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады);

Салық кодексінің 54-бабының 2-тармағы салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын төлеу жөніндегі кестеде белгіленген салық міндеттемесін орындау кезінде бұзылған деп тану үшін мерзімді 5 жұмыс күніне дейін ұлғайтуды көздейтін 5) тармақшамен толықтырылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 55-бабының 1-тармағы Салық кодексінің 54-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қолданысы тоқтатылған кезде мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің кепілге алынған мүлкінен және (немесе) үшінші тұлғадан не банктен өндіріп алуды көздейтін кепілдікті орындауды талап ететін жаңа редакцияда жазылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданған кезде тіркеу есебінен шығарылған күні бойынша

Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағына (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсалық төлеуші қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан кезде (қызметін тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда), оған жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептелген, соңғы ай өткен күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылатынын көздейтін Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағына толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Салықтық тексерулер бойынша

Салық кодексінің 69-бабының 6-тармағына, 136-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына, 137-бабының 3-тармағына, 145-бабының 1 және 2-тармақтарына, 147-бабының 1, 3 және 5-тармақтарына, 150-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы шеңберінде (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер бойынша нормалар алынып тасталады.

Осыған байланысты, Салық кодексінің ережелері салықтық тексерулер түрін енгізу бөлігінде енгізілген өзгерістерге сәйкес келтірілген – тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер;

Салық кодексінің 146-бабының 8-тармағына мемлекеттік кірістер органдарының хронометраждық тексеру жүргізу мерзімдерін 30 жұмыс күнінен артық ұзарту мүмкіндігін болдырмауды көздейтін өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 158-бабының 3-тармағына  салық төлеуші куәгерлерді тарта отырып хаттама (акт) жасау арқылы оны алудан бас тартқан кезде салықтық тексеру актісін тапсыру рәсімін регламенттеуді көздейтін өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясын (Мемлекеттік корпорация) бақылау бойынша

Мемлекеттік корпорацияның қызметіне бақылау жүргізуді көздейтін Салық кодексінің 69-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және 175-бабына толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Салық төлеушілерді ақпараттандыру бойынша

Салық кодексінің 73-бабының 1-тармағы сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы ақпараттық хабарламаларды, оның ішінде басшыға және (немесе) бюджетпен есеп айырысу жөніндегі жауапты қызметкерге жіберуді көздейтін 9) тармақшамен толықтырылды, бұл жаңалық ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды(2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік қызметті алу бойынша жеке тұлғаның құқықтарын кеңейту бойынша

«электрондық үкімет» порталы арқылы ғана емес, сондай-ақ кез келген сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы баламалы негізде «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін алу бойынша жеке тұлғаның құқықтарын кеңейтуді көздейтін Салық кодексінің 79 және 80-баптарына өзгерістер енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі);

Мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару бөлігінде

ҚҚС төлеушінің ойын бизнесі бойынша салық есептілігін табыс етпеуі, салық төлеушіні хабардар етпей ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін негіз болып табылатындығын көздейтін Салық кодексінің 85-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына өзгеріс енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі);

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде ұсынылатын декларациялар тізбесін қысқартуды көздейтін Салық кодексінің 85, 209 және 424-баптарына өзгерістер енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі). ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну жөніндегі міндет қолданылатын салық төлеушілердің тізбесінен мемлекеттік кірістер органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған адамдар (қойылған күнінен бастап) алынып тасталды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу бойынша

«Электрондық шот-фактуралардың жазылуын шектеу» пилоттық жобасын заңнамалық бекітуді, тәуекел дәрежесі бойынша камералдық бақылаудың бұзылуын градациялауды және камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша хабарламаны орындау тәртібін қайта қарауды көздейтін, Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, 95-баптың 2-тармағына, 96-бапқа, 13-тарау 120-1-баппен толықтырылды, 145-баптың 3-тармағына, 402-баптың 1-тармағының 3) тармақшасына және 412-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

- тәуекел деңгейі жоғары бұзушылықтар бойынша – камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

Анықтама үшін: бұл ретте тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарға тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жатады;                      тәуекел деңгейі орташа бұзушылықтар бойынша – камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

Анықтама үшін: камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын стандартты хабарламалар;

тәуекел деңгейі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын және олардың тәуекел дәрежесін қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама рәсімделеді.

ЭШФ жазып беруді шектеуге қатысты

Белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) тәуекел деңгейі жоғары хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары электрондық шот-фактуралардың жазылуын шектеуді жүргізеді.    

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеуді қолдану кезінде шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып беріледі және шот-фактураларды жазып беруді шектеуді алып тастаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс.

Хабарламаны орындау тәртібін қайта қарауға қатысты

Камералдық бақылау хабарламасын «ресми орындау» бойынша  мәселені шешу мақсатында, түзетулер ұсынылатын түсіндірмелерге нақты талаптарды көздейді.

Осылайша, хабарламада көрсетілген тәуекел деңгейі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, салық және (немесе) бухгалтерлік есеп (есеп) тіркелімдерінен және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға жататын, салық есептілігіне енгізілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттардан үзінді көшірмелерді қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беру қажет.

Хабарламада көрсетілген тәуекел деңгейі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда орындау, бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсініктеме беру жолымен жүргізіледі.

Түсініктемелерде түсініктеме берген тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуі мән-жайлары құжаттардың міндетті түрде қоса берілуімен көрсетілуі тиіс.

Сондай-ақ, электрондық нысанда жазылып берілген шот-фактураларды қайтарып алуды, түзетуді немесе толықтыруды көздейтін хабарламаны орындау тәртібінің бөлігіне толықтырулар енгізілді.

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар, хабарламаға жауап бермеген және/немесе тәуекелдерді басқару жүйесін талдау және қолдану үшін қажетті құжаттардың базалық тізбесін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты ғана қолданылатын болады.

Cалықтық өтінішті алып тастау бойынша

Салық кодексінің 97-бабының 8-тармағына салық төлеушінің салық өтінішінің орнына салық төлеушінің сұрау салуы негізінде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы салық төлеушінің дербес шотынан үзінді көшірме беруді көздейтін өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу кезінде өсімпұлды есептеу бойынша

Салық кодексінің 117-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі тоғызыншы абзацпен толықтырылды, онда өсімпұл инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық салықтық кредиті туралы келісім оның қолданылу мерзімі ішінде болған кезде және осындай кредит берілген салықтар бойынша есептелмейді.

Дебиторлардың шоттарынан берешекті өндіріп алу бойынша

Салық кодексінің 123-бабына өзгерістер енгізілді:

2 және 4-тармақтарға заңды күшіне енген соттардың дебиторлардан берешек сомаларын өндіріп алу туралы шешімдері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына шешім негізінде дебиторлардан одан әрі өндіріп алу үшін осындай сот шешімі ұсынылатынын көздейді(2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Сондай-ақ, ұсынылған дебиторлар тізіміне қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары дебиторларды белгілеу бойынша, оның ішінде дебиторлық берешекті растауға қарсы тексерулер жүргізе отырып, тақырыптық тексеру жүргізуге құқылы.

Дебиторлық берешек болмаған жағдайда дебитор өзара есеп айырысуларды салыстыру актісімен бір мезгілде мемлекеттік кірістер органына салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешекті өтеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады;

5-тармақтың бірінші бөлігінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдерді дебитордың банк шоттарына қою үшін өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі, дебитордың тексеру актісі (оның ішінде дебиторлық берешек сомасын растайтын қарсы тексеру) және соттың шешімдері негіздеме болуын көздейтін (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Мониторингке жататын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша

Салық кодексінің 132-бабына:

ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілерінің дәлелді шешіммен келісетіні туралы хабарламаны ұсыну мерзімін бес күнтізбелік күннен бес жұмыс күніне өзгерту бөлігінде 2-тармақтың бесінші бөлігіне (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) өзгерістер енгізілді;

«электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген «электрондық үкіметтің» веб-порталын пайдаланушының жеке кабинеті және электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық құжат туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушілердің веб-қосымшасына мемлекеттік кірістер органы жолдау арқылы талапты, хабарламаны және/немесе дәлелді шешімді тапсыру рәсімін оңайлатуды көздейтін салықтық әкімшілендірудің бизнес-процесстерін автоматтандыру мақсатында 3-тармақпен толықтырылды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). Бұл ретте талаптың, хабарламаның және дәлелді шешімнің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

ЭШФ АЖ-да жазылып берілген, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері бойынша

Салық кодексінің 190-бабының 2-тармағына және 202-бабының 1-тармағына толықтырулар енгізілді, Салық кодексінің 193-бабының 2-тармағына салық есебі үшін есепке алу құжаттамасымен ЭШФ АЖ-да жазылып берілген, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерін тану бөлігінде өзгерістер енгізілді (2018 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі).

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары бойынша

Салық кодексінің 190-бабының 4-тармағына толықтыру, 231-бабының 1 және 3-тармақтарына, 232-бабының 6-тармағына, 249-бабының 1-тармағына, 250-бабының 5-тармағына, 251-бабына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының ХҚЕС 17 жаңа стандартына көшуіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салықтық есебін реттеу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректеріне негізделетінін көздейтін түзетулер қабылданды.

Төтенше жағдай кезеңінде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің келтірген залалы бойынша

енгізілді: Салық кодексінің 243-бабының 1-тармағына толықтырулар (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады), 404-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына өзгерістер енгізілді (2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

Ірі кәсіпкерлік субъектісінің төтенше жағдай кезеңінде шеккен тауарлардың бүлінуі, жоғалуы-қылмыстық қудалауды жүргізетін органның салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде төтенше жағдай кезеңінде келтірілген залал сомасында бухгалтерлік есепте ескерілген тауарлардың құнына шегеруге жатады төтенше жағдай күнінде және олар бойынша: осындай бүлінгенін, тауардың жоғалғанын растайтын құжат және бүлінгені туралы мәліметтер Салық кодексінің 215-бабының 7-1-тармағында көзделген тіркелімде көрсетілген.

Төтенше жағдай нәтижесінде тауар бүлінген, жоғалған жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектісі белгілі бір шарттар сақталған кезде есепке жатқызылатын бұрын танылған ҚҚС-ты азайтпауға да құқылы.

КТС бойынша кірістер ретінде қаралмауы

жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыс ретінде қаралмауды көздейтін Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына өзгерту және 26-1) тармақшасымен толықтыру енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

энергия беруші ұйымның мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, басқа да энергия беруші ұйымдардан немесе электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын электр желілерінің меншік иелерінен теңгерімге өтеусіз негізде қабылдаған электр желілерінің құны;

Салық кодексінің 258-бабының 6-тармағына және (немесе) 268-бабының 2-1-тармағына сәйкес күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының шартты коэффициентті қолдануы нәтижесінде пайда болған амортизацияланатын активтер топтарының (кіші топтарының) құн балансын ұлғайту.

Жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша

коммерциялық емес ұйымдар қор нысанында көрсететін қайырымдылық көмек бойынша Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына, 225-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына, 394-бабының 51) тармақшасына өзгерістер енгізілді (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

- қайырымдылық көмек ұғымы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға өтеусіз негізде берілетін мүлікті толықтыруға байланысты кеңейді;

- қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның қайырымдылық көмек шеңберінде өтеусіз алған мүліктің құны, күрделі жөндеу құны, мемлекеттік меншік объектілерін реконструкциялау жылдық жиынтық табысқа енгізілмейді;

- қайырымдылық көмек шеңберінде өтеусіз негізде тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қоры нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның ҚҚС-тан беруі босатылады.

КТС бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар бойынша

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар бойынша шығыстар сомасы бойынша КТС бойынша шегерімді салық төлеуші төленгені бойынша емес, әлеуметтік аударымдарға ұқсас есептелген аударымдар бойынша жүргізетінін көздейтін Салық кодексінің 243-бабының 12-тармағына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Уақытша теңгерімдеу ақысы бойынша

Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу ақысы:

- жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын темір жол тасымалдаушысына жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар бойынша өтеусіз негізде, оның ішінде магистральдық темір жолдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифке 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып шегерім жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі желілер;

- жүктерді тасымалдаушы үшін жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартым операторына төленген уақытша теңгерімдеу ақысы (табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде) бойынша шығыстар бойынша шегерімге құқық;

Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы Локомотив тарту операторының уақытша теңгерімдеу ақысын алуды іске асыру жөніндегі айналым деп тануы;

- Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын темір жол тасымалдаушысына өтеусіз негізде, оның ішінде тасымалдау кезінде магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне 0 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуін іске асыру жөніндегі айналым деп танымау теміржол көлігімен жолаушылар;

- пайдаланылған немесе ұлттық инфрақұрылым операторы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін, магистральдық теміржол желісі қызметтерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына жолаушыларды темір жол көлігімен өтеусіз негізде, оның ішінде уақытша төмендету құралын қолдана отырып тасымалдау кезінде көрсету үшін пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығы жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне 0 к мөлшеріндегі коэффициент бойынша Салық кодексінде: 243-бап 14-2-тармақпен, 255-бап 5 және 6-тармақтармен, 372-бапта 2-тармақ 10) тармақшамен және 5-тармақ 38) тармақшамен, 400-бап 6 және 8-тармақтармен толықтырылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қайта басталады, бұрын қолданыста болған нормалар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).

Салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің қызметтік іссапарлары мен сапарлары кезіндегі өтемақы сомаларын шегеру бойынша (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Салық кодексінің 244-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының төртінші абзацы алынып тасталды, ол КТС бойынша жол жүруді растау жөніндегі талапты отырғызу талонымен немесе өзге де құжатпен орындау қажеттілігін алып тастауды көздейді.

Сыйақылар бойынша шегерім бойынша

Салық кодексінің 246-бабының 4-тармағына толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Сыйақы бойынша шегерімді есептеу кезінде пайдаланылатын Д көрсеткіші, сондай-ақ ұстаушысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон түрін (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып) қамтиды.

Коммерциялық емес ұйымдардың кірістері бойынша

коммерциялық емес ұйымдар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинауға бағытталған пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің міндетті шығыстарын жиынтық жылдық табыстан алып тастауды көздейтін Салық кодексінің 289-бабының 2-тармағына толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

АХҚО қатысушыларының аванстық төлемдерін есептеу және төлеу бойынша

 «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілерді (орталық органдары мен олардың ұйымдарын) есептеу және төлеу оның ішінде аванстық төлемдер бойынша салық есептілігін ұсыну және жасау жөніндегі міндеттемелерден босатуды көздейтін Салық кодексінің 305-бабының 2-тармағы 11) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Жеке тұлғаның табысын танымау

бұл ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар қызметкерлерге олардың жұмысы жолда өтетін, жол жүру сипатындағы, қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда өтемақы төлемдері қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтынын көздейтін Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына өзгерту енгізілді (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім кию және (немесе) оны қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда қызметкерге берілген нысанды киімнің құны жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайтынын көздейтін жаңа 10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

қарыз және микрокредит бойынша ғана емес, сондай-ақ ипотекалық қарыз және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде табыс белгілі бір жағдайларда жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайтынын көздейтін Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 23) және 24) тармақшаларына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен, Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ипотекалық ұйым сатып алған тұрғын үйді жалдау бойынша берешекті есептен шығару кезінде пайда болған табыс көзделетін жаңа 25-1) тармақшамен толықтырылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (ипотекалық қарыздар) ол жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды;

жеке тұлғаның шотына банк қана емес, оның қаражаты есебінен Ұлттық почта операторы да қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін есептелетін сома жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайтынын көздейтін Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 35) тармақшасына өзгерістер енгізілді (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамның сыйақы сомасы мұндай факт расталған жағдайда жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмауын көздейтін Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағы жаңа 39-1) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Мүліктік кірістер бойынша

бұл тұрақ орындарын сату кезінде мүліктік табыс меншік құқығы пайда болған сәттен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған кезде пайда болуды көздейтін Салық кодексінің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 331-бабының 1-тармағы ерлі-зайыптылардың біреуінің жылжымайтын мүлікке (тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, ЖТҚ объектілері, ЖТҚ-ға арналған жер учаскелері, саяжайлар, ЖТҚ, гараждар) құқықтарын мұрагерлікке алу кезінде құнның өсуін айқындау мақсатында меншік құқығында болу ерлі зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалуйн көздейтін екінші бөлікпен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

жеке тұрғын үйден бұрын қайта жаңартылған ғимаратты ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын ғимараттың бір бөлігін сату кезінде құн өсімінен түсетін табысты айқындау кезінде бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында Салық кодексінің 331-бабы 7-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 331-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді өткізу кезінде сатып алу бағасын (құнын) айқындау мақсатында ҚҚС және акциздің сомаларын ғана емес, сондай-ақ сатып алу үшін кедендік және кәдеге жарату төлемдерін және Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын елден әкелінген автокөлік құралдарын ресімдеу үшін салық төлеуші ҚҚС пен акциздерді төлеуден басқа, кедендік және кәдеге жарату төлемдерін төлеу бойынша шығыстарды ескеруді көздейтін толықтыру енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Сандық активтер бойынша

мүліктік табыс цифрлық активтерді сату кезінде пайда болатынын көздейтін Салық кодексінің 331-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 332-бабының 4-тармағына Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған цифрлық активтерді өткізу кезінде табыстарға салық салу тәртібін белгілеуді көздейтін толықтыру енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 363-бабы есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтер салықтық кезеңі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеуді көздейтін жаңа 12-1) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

ЖТС бойынша табысты түзету бойынша

Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарға жеке табыс салығы салынбайтынын көздейтін жаңа 8-1) тармақшамен толықтырылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) ;

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы салынбайтын жеке тұрғын үй қорындағы жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан субсидиялар көзделетін Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен төленетін ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) жеке табыс салығы салынбауын көздейтін жаңа 55) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады);

осы салық шегерімін растау үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты беру жөніндегі талапты алып тастауды көздейтін Салық кодексінің 347-бабының 2-тармағына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

ЖТС төлеу мерзімдері бойынша

жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар үшін есептелген салық сомаларын қоспағанда жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салық төлеуші өзі салық кезеңінің қорытындылары бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырылуы көзделетін Салық кодексінің 362-бабының 1-тармағына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

ОАЖ мүлкін сату кезінде айналым жасалған күн бойынша

Салық кодексінің 379-бабы ОАЖ төлемін бөліп төлеу шарттарында мүлікті өткізу кезіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, сатып алу-сату шарты бойынша төлемді алу мерзімі басталған күн немесе қандай оқиға ертерек болатынына байланысты төлемді алу күні бойынша сатып алуды осындай өткізу бойынша айналым жасалған күнді тану бойынша жеке ережені көздейтін 16-тармақпен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

ҚҚС бойынша нақтылайтын түзетулер

кепіл мүлкі кепіл ұстаушының меншігіне айналысқа түскен кезде ҚҚС есептеу мақсаттары үшін айналым мөлшеріне ҚҚС сомасы енгізілмейтінін нақтылауды көздейтін Салық кодексінің 381-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 410-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Редакцияны нақтылау, Салық кодексінің 243-бабы 9-тармағының мақсаттары үшін казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде есепке жатқызуға рұқсат етілмеген ҚҚС сомасы есепке алынбайды.

ҚҚС-тан босату

Салық кодексінің 394-бабында: 48) тармақшаға өзгерістер енгізілді, мынадай тауарларды өткізу жөніндегі айналымдарды ҚҚС-тан босатуды көздейтін 51), 52) және 53) тармақшалармен толықтырылды:

- тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылатын заңды тұлға (дилер) өткізетін тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары (2023 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды);

- Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын зергерлік және басқа да бұйымдар өндірісі субъектілеріне бағалы металдар өндірісі субъектілерінің тазартылған алтыны және (немесе) күмісі;

- тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың компоненттері белгілі бір шарттарды сақтай отырып (2023 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).

Импортты ҚҚС-тан босату

Салық кодексінің 399-бабының 1-тармағы мынадай тауарларды әкелу импортына ҚҚС-тан босатуды көздейтін 1) тармақшаның 19), 20) және 21) тармақшаларымен толықтырылды:

- құрғақ шикі қант (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

- белгілі бір шарттарды сақтай отырып, пестицидтер өндіруге арналған химиялық заттар (шикізат) (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

- бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік емес мұражайлар әкелетін өнер туындылары (2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды).

ҚҚС бойынша қосымша есепке жатқызу бойынша

ҚҚС бойынша қосымша есепке алу жөніндегі ережелерді қолданатын адамдар тобын кеңейтуді көздейтін Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына толықтыру енгізілілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

кәсіптік балық аулау;

ашытқы өндірісі;

салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қант кондитерлік өнімдерін, печенье және ұн кондитерлік бұйымдарын өндіру;

қант өндірісі.

ЭШФ үзінді көшірмесі бойынша

Салық кодексінің 412-бабында: 1-тармақтың бірінші бөлігі 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды, 7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасына, 14-тармақтың бірінші бөлігіне өзгерістер енгізілді; Салық кодексінің 413-бабында мыналарды көздейтін 2-тармаққа өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

- егер өнім беруші Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ЭШФ жазбауға құқылы болса, сатып алушының талабы бойынша ЭШФ жазып беру мерзімдері (3 немесе 5 жылдан 180 күнтізбелік күнге дейін) қысқартылды;

-сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (МТИ 29.06.2021 ж. №433-НК бұйрығы) және кеден дела саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, Кеден тасымалдаушылары, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері) ЭШФ жазып беруі бойынша міндет енгізілді.

ҚҚС әкімшілендіру бойынша

халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын сататын бизнес субъектілеріне тең жағдай жасау мақсатында «жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілермен» бизнес субъектілерін кеңейтуді көздейтін Салық кодексінің 388-бабына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 429-бабының 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін экспорттаушыларға ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімдерін күнтізбелік жүз елу бес күннен жетпіс бес жұмыс күніне дейін қысқартуды көздейтін Салық кодексінің 431-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кетуін қайтару және тұрақты және тұрақты емес өткізу шарттарына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтару  сомасын нақтылау бөлігінде Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағына нақтылаушы түзетулер енгізілді  (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

ЕАЭО елдерінен уақытша әкелінген тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін регламенттеу бойынша

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша әкелінген тауарлардың 2 жылдан аспайтын болу мерзімін айқындауды көздейтін Салық кодексінің 440-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Акциз ставкалары бойынша

Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасының кестесінде:

1 және 3-жолдарға жеке фармацевтикалық компанияларды акциздер төлеуден босатуды алып тастау бөлігінде (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) өзгерістер енгізілді;

сатуға немесе медициналық және фармацевтикалық препараттар үшін пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті үшін 100 пайыздық спирттің 600 теңге/литр акциз мөлшерлемесін белгілейтін 3-1-жолмен толықтырылды;

лицензия болған жағдайда, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге өткізілетін квоталар шегінде этил спиртіне акциз салудан босату нормаларын алып тастайтын Салық кодексінің 464-бабы 3-тармағының 2) және 5) тармақшаларына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жоғалуына, есептен шығару және жою актісі негізінде бүлінуіне байланысты айналымнан алынған сәйкестендіру құралдары акцизден босатылатын норманы көздейді, бұл ретте Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес, айналыстан шығару  туралы хабарлама алынып тасталды.

Әлеуметтік салық бойынша

 «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалардың жұмыскерлердің табыстары бойынша шығыстары әлеуметтік салық салу объектісі болып табылатынын көздейтін Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Көлік салығы бойынша

Салық кодексінің 494-бабында 3-тармақ алынып тасталды және көлік құралдары тіркеу есебінен алып тасталған кезде салық төлеу және (немесе) салық берешегін өтеу міндетін алып тастау жолымен мемлекеттік қызметті алуды оңайлату мақсатында көлік құралдарына салықты иеленудің нақты кезеңі үшін төлеудің бірыңғай мерзімін көздейтін 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Үш облыстың құрылуына байланысты Ұлытау, Абай, Жетісу

жаңа облыстардың құрылуына байланысты жер салығының мөлшерлемелерін және тұрғын үйдің базалық құнын бекіту бөлігінде Салық кодексінің 505, 529 және 531-баптарына өзгерістер енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Ұлытау, Абай, Жетісу үш жаңа облыстың аумақтық аймақтарына енгізілуіне байланысты әртүрлі аумақтардың аймақтары үшін жер учаскесінің шекті ауданының мөлшерін белгілейтін Салық кодексінің 702-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1, 43-3, 43-10-баптары жаңадан құрылған жаңа облыстар бойынша жер салығының мөлшерлемелері және тұрғын үйдің базалық құны Салық кодексінің 505, 529 және 531-баптарының қолданылуын тоқтата тұру кезеңіне белгілеу жөніндегі тармақтармен толықтырылды (2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданысқа енгізіледі).

Қаржылық жалға берілген мүлік бойынша

Салық кодексінің 518-бабының 4 және 4-1-тармақтарына, Салық кодексінің 520-бабының 2 және 4-тармақтарына өзгерістер енгізілді, Салық кодексінің 519-бабының 1-тармағы қаржылық жалға берілген мүлікке мүлік салығын салу мәселесін реттеуді көздейтін 7) тармақшамен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), атап айтқанда, жалға алушының қаржылық жалдауға (қаржылық лизингке емес) берілген мүлік бойынша мүлік салығын төлеушімен айқындауы және осындай мүлік бойынша дебиторлық берешектің орташа жылдық сомасын, оның ішінде ҚЕХС немесе бухгалтерлік есепке сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді соманы салық базасы деп тануы.

Алымдар бойынша

азаматтық авиация саласындағы алымдарды алып тастау бөлігінде Салық кодексінің 553-бабы 3-тармағының кестелерінің 17., 17.1. және 17.2.-жолдарына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 554-бабы 4-тармағының кестесі (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) лицензияланатын қызметтің мынадай түрлері бойынша:

денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша қызметтер көрсету;

1.51. – 1.53.1., 1.55. – 1.59., 1.79. – 1.80.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, қызметтің барлық түрлеріне;

1.51. – 1.53.1., 1.55. – 1.59.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлері жаңа ставкалармен толықтырылды

Төлемдер бойынша

Салық кодексінің 582 - бабы 3-тармағының кестесі балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша төлемақының жаңа ставкаларымен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

бекіре (белуга, бекіре, севрюга, стерлет, тікен, сібір бекіресі, сырдария жалған патонос) - 0,064 АЕК;

лосось (радуга форелі, ленок, хариус, каспий лосось, арал лосось, таймен, нельма, белорыбица) - 0,017 АЕК;

ақ амур, сазан, тұқы, көксерке, берш, сом, бурбот, күміс тұқы, шортан, жылан басы, көксерке, кутум, шортан тәрізді көксерке (лысач), арал усач, түркістан усач - 0,013 АЕК;

қарақұйрық, қарақұйрық, қарақұйрық, шемая, подуст, осман, язь, крестьян, алабұға, лин, кәдімгі және талас елеці, красноперка, густера, востробрюшка, ақ көз, синец, чехон, буффало, маринка, іле маринка (іле популяциясы), чуй остролучка, балқаш алабұғасы (балқаш-іле популяциясы), чаткал подкаменщик, волжская полихотычинковая майшабақ 0,004 АЕК;

Салық кодексінің 591-бабына мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер үшін Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін – 0,2 АЕК, жеңіл автомобильдер үшін – 0,3 АЕК, 16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк автомобильдері үшін – 1,0 АЕК, 32 орынға дейінгі автобустар – 2,0 АЕК және 32 орыннан жоғары автобустар үшін – 3,0 АЕК ставкаларын белгілеу бөлігінде толықтыру енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 605-бабында (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін қолданыстағы төлемақы мөлшерлемелерін екі есе ұлғайту бөлігінде 3-тармақтың кестелерінің 8.1. және 8.2-жолдарына өзгерістер енгізілді;

Ескертпе мынадай редакцияда жазылды:

«Ескерту. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп сыртқы (көрнекі) жарнама орналасқан жеріне және орналастыру жағының ауданына қарай орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде суреттердің, бейне суреттердің, кқазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі.

Цифрлық майнинг бойынша:

Салық кодексінің 606-4 бабына мынадай өзгертулер енгізілді: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастар бойынша тіркелген мекен-жайы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсан аяқталған соң екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей цифрлық майнинг бойынша төлемақы декларациясы тапсырылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының 44-2-бабымен Салық кодексінің 606-4-бабы мынадай редакцияда жазылды, ол 2022 жылы туындаған салықтық міндеттемелер бойынша төлемақыны есептеу үшін салық кезеңі календарлық жыл болып табылады.

2022 жылдың декларациясы салық төлеушінің тіркелген мекен-жайы бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті жылдан кейін 31 наурызға дейін тапсырылады, ал төлемақы 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін төленеді.

Мысалы, Салық декларациясында 2022 жыл бойынша цифрлық майнинг бойынша есептелген сомасы көрсетіледі, өз кезегінде 2022 жылдың үш тоқсанның нәтижесімен цифрлық майниг бойынша төлемақы төленген, соған байланысты 2022 жыл бойынша есептелген сома мен осыдан бұрын декларация ұсынылғанға дейін төленген сомалардың оң айырмасы төленуге жатады.

Салық кодексінің 606-5 бабы 3 тармақпен толықтырылды соған байланысты, төлемақы салық төлеушінің мекен-жайы бойынша төленетін болады (2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді).

бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің цифрлық майнинг және (немесе) цифрлық активтердің айналымы бойынша қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ екені көзделетін Салық кодексінің 774-бабы 3-тармағының 6) тармақшасы алтыншы абзацпен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Резидент еместерге салық салу бойынша

Салық кодексінің 644-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместердің табысы деп танылатынын көздейтін 5-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

шарттың (келісімшарттың) мерзімі екі жылдан асатын конвенциялық емес елде тіркелген тұлғаның алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;

резидент емес жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

Салық кодексінің 645-бабының 6-тармағы 6) тармақшамен толықтырылды, (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), соған сәйкес Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген табысты төлеген резидент - жеке тұлға тіркелмеген резидент емес заңды тұлғаға қор биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, салық органында салық төлеуші ретінде салық агенті болып танылады.

зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру төлемдері бөлігінде Салық кодексінің 655-бабының 3-тармағына толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексінің 667-бабының 1-тармағы (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) салық базасын бұлыңғырлауға және салық салудан пайданы шығаруға қарсы іс-қимыл мақсатында салық келісімдеріне қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты Конвенцияның ережесіне сәйкес келтірілген.

Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданудың басталу күні

арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолдану басталған күн, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн болып есептелетінін нақтылауды көздейтін Салық кодексінің 679-бабының 8-тармағы 2-1) тармақшамен толықтырылды.

Шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін, сондай-ақ осындай қызметтер көрсетілетін бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы екі және одан да көп салық төлеушілердің қосалқы жалға беру жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер, шағын бизнес субъектілер үшін АСР қолдануға құқығы жоқ екені көзделетін 683-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының он төртінші абзацына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

мобильді қосымшаны пайдалана отырып және тіркелген шегерімді пайдалана отырып патент негізінде үш түрлі АСР есептелгендіктен, редакцияны нақтылау бойынша Салық кодексінің 684-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Чек беру жөніндегі функционалды пайдалану бойынша

оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын жеке кәсіпкер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мобильді қосымшаның функционалдығын пайдалануға, атап айтқанда чек беру жөніндегі функционалды пайдалануға құқылы, нақтылауды көздейтін Салық кодексінің 686-1-бабының 2-тармағына, 3-тармағының 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына, 4-тармағының бірінші бөлігіне және 8-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бірыңғай төлемді енгізу бойынша

жеке табыс салығын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, сондай-ақ Салық кодексінің 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлемді төлеушілер үшін салық есептілігін ұсынудың жекелеген тәртібін анықтауды көздейтін Салық кодексінің 317-бабы жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері бірыңғай төлемнің есептелген сомаларын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияда көрсетілуінн көздейтін Салық кодексінің 358-бабы жаңа 4-тармақпен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші (салық агенті) есептеген жұмыскерлердің табысынан ЖТС және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды оңайлату мақсатында бірыңғай төлемді енгізуді көздейтін Салық кодексі 24-1-бөліммен толықтыру (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

Салық кодексін 89-1-тараумен толықтыру арнаулы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші (оңайлатылған декларация негізінде АСР, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін АСР, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР) есептеген жұмыскерлердің табысынан ЖТС және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды оңайлату мақсатында, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап жалақыдан 2023 жылы 20% мөлшерінде және ставканың кезең-кезеңімен ұлғаюымен бірыңғай төлем енгізіледі: 2024 - 21,5%, 2025 – 23,8%, 2026 – 24,8%, 2027 – 25,8% және 2028-26,3%).

Бірыңғай төлем Мемлекеттік корпорацияның шотына түсетін болады, ол белгіленген тәртіпке сәйкес төлемдерді бөлетін болады.

Бұл ретте ЖТС және әлеуметтік төлемдердің әрқайсысы бойынша дербес шоттарды Мемлекеттік корпорация (әрбір салық төлеуші және әрбір жеке тұлға бойынша), сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары (әрбір салық төлеуші бойынша) жүргізетін болады.

Жеке шоттарға салықтар мен төлемдерді есептеу бірыңғай төлем түрінде салық есептілігінің осы нысандары негізінде жүргізілетінін атап өткен жөн. Тиісінше, салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған кезде берешекті өндіріп алу Салық кодексінің қолданыстағы нормалары шеңберінде жүргізілетін болады.

Бірыңғай төлемді енгізу салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді, салық жүктемесін азайтады және жалдамалы жұмысшыларды заңдастыруға ықпал етеді.

АЭА салық салу бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, бұрын Қазақстан Республикасының Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген арнаулы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін арнаулы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту бөлігінде Салық кодексінің 708-бабының 1, 2 және 3-тармақтарының екінші бөлігіне өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Инвестициялар туралы келісімдер бойынша

Салық кодексінің 712-1-бабында (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

2) тармақшада оны алып тастауға байланысты инвестициялар туралы келісім үшін көзделген басым қызмет түрлерінің тізбесінде сілтеме алынып тасталды (14.01.2016 ж. № 13 ҚРҮК бекіткен инвестициялар туралы келісімдер үшін басым қызмет түрлерінің тізбесінің үшінші бөлігі).

3) тармақшаға инвестициялар туралы келісім шеңберінде жүзеге асыруға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту бөлігінде толықтырулар енгізілді:

есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;

акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме сату;

лотерея өткізу;

ойын бизнесі саласындағы қызмет;

радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;
банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері)
және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

аудиторлық қызмет;

бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

цифрлық майнинг саласындағы қызмет;

кредиттік бюролардың қызметі;

күзет қызметі;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;

жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде іздеушілердің қызметі;

пайдалы қазбаларды сату, оның ішінде трейдерлердің қызметі, көмір, мұнай сату жөніндегі қызмет.

Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімдерге салық салу бойынша инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу үшін сәйкес келуге тиісті шарттарды өзгертуді көздейтін Салық кодексінің 712-4-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салу объектісін айқындау

Пайдалы қазбаларды есепке алу 2024 жылдан бастап мемлекеттік сараптама мен мемлекеттік баланстың орнына CRIRSCO кен орындарының қорлары туралы есептіліктің халықаралық стандарттарына көшті.

Бұл ретте қолданыстағы салық заңнамасы (ПҚӨС салық салу объектісі) ҚР пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін сараптамаға және 2024 жылдан бастап таратылуға жататын пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансына негізделген. Осыған байланысты,
2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1-баптың 45), 49) тармақшаларына, 1-баптың 49-1) тармақшасына, 260, 744, 745, 746-баптарына (мемлекеттік баланстың өтелген қорларынан нақты өндіруге көшу) ПҚӨС салық салу объектісін өзгерту жөнінде түзетулер қабылданды.

Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үшін реттеушілік және фискалдық преференциялар пакеті шеңберінде ұсынылған инвестицияларды құқықтық қорғау және ынталандыру шараларын енгізу мақсатында 225-баптың 2-тармағының 26-1) тармақшасына, 258-баптың 2, 4, 6-тармақтарына, 2-1-тармаққа 268-бапқа, 270-бапқа 15-тармаққа, 271-баптың 7, 7-1-тармақтарына, 293-баптың 1-тармағының 7) тармақшасына, 293-баптың 4-4-тармағына, 517-баптың 3-тармағының 5) тармақшасына, 713, 721, 722-1-баптарына, 766-баптың 1, 4-тармақтарына, 767-баптың 3-тармағына, Салық кодексінің 768-бабына өзгерістер енгізілді.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес банк салымының сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердің, мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдауы үшін ақшаны декларациялау жөніндегі талапты енгізуді көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-2-бабына және Салық кодексіне (Салық кодексінің 631, 634-баптары) толықтырулар енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Лотерея қызметіне ҚҚС салу бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін лотерея операторы лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды өткізген кезде айналым мөлшері өткізілген лотерея билеттерінің, түбіртектердің және өзге де құжаттардың құны мен лотереяға қатысушыларға төленген ұтыстар, сондай-ақ салықтық емес төлем түрінде бюджетке есептелуге жататын талап етілмеген ұтыстар арасындағы оң айырмашылық мөлшерде айқындалатынын көздейтін жаңа 57-13-баппен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын заңдастыру үшін, көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту бойынша

Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген механикалық көлік құралдарының жекелеген санаттарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесі Заңның 2-бабымен белгіленген 200 000 теңге мөлшерінде.

Механикалық көлік құралдарының санаттарын, алым мөлшерлемесін қолдану тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

­­____________________________________