Салық төлеушінің кабинеті

Салық төлеушінің кабинеті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін орындау және мемлекеттік кірістер органдарымен байланыс жасау үшін «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасын пайдалана аласыз деп хабарлайды.Оны компьютерде арнайы орнатудың қажеті жоқ, тек мына мекен-жай арқылы cabinet.salyk.kz өтесіз. «Салық төлеушілер кабинеті» әлемнің кез келген жерінен кез-келген уақытта мемлекеттік қызметтерді алуға және электрондық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жалғыз шарт - Интернетке қол жетімділік.

«Салық төлеушілер кабинетінде» тіркелу арқылы сіз салық есептілігін ұсынуға, салық берешегін қарауға және төлеуге, салық есептілігін тапсыруға, хабарламаны қарауға, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының басқа қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік аласыз.

Салық төлеушілер кабинетінің функционалдығы үнемі кеңейіп, жаңарып отыратындығын атап өтеміз.