Әдеп жөніндегі уәкіл "Құрық" кеден бекетінің қызметкерлерімен кездесу өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл "Құрық" кеден бекетінің қызметкерлерімен кездесу өткізді

Этика жөніндегі уәкіл — Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Өтегенов Ертұған Кенесұлы «Құрық» кеден бекетінің ұжымымен кездесу өткізіп, сондай-ақ қызметкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды жеке қабылдады.

Кездесуде қызметтік этика нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен ашық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жеке қабылдау барысында қызметкерлер мен бизнес өкілдерінің өтініштері қаралды.