Автокөлігімнің кедендік декларациялаудан өткені туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Автокөлігімнің кедендік декларациялаудан өткені туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Менің автокөлігімнің Қазақстан Республикасында кедендік декларациялаудан өткені туралы ақпаратты қалай алуға болады?

 

Көліктің Қазақстанда кедендік рәсімдеуден өткен-өтпегенін өзіңіз тексере аласыз.

Ол үшін «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларға арналған бірыңғай терезесі» порталының https://eokno.gov.kz/index.xhtml мекенжайы бойынша басты бетіне кіріп, «VIN-код бойынша көлік құралының кедендік рәсімдеуден өткенін тексеру» сервисін таңдаңыз.

Содан кейін көліктің VIN-кодын енгізіп, нәтижесін алыңыз.

Порталда тіркелудің қажеті жоқ.