
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етуде және қоғамдық мүдделерді ең үздік әрі тиімді тәсілмен қанағаттандыруда көрінеді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдықты танытуды, Қазақстан халқының бірлігін, елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуді, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Мемлекеттік саясатқа берік болып, оны дәйекті түрде іске асыруға, қоғамның Мемлекеттік қызметке, Мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Қоғам Мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес білікті және тиімді, барлық адал ниетімен орындайтынына үміт артады.
Мемлекеттік қызмет атқару — қоғам мен Мемлекет тарапынан ерекше сенімнің көрінісі және Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика стандарттарын белгілейді және қоғамның Мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, Мемлекеттік қызметте жоғары өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және адалдық атмосферасын құруға, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің этикалық емес мінез-құлқы жағдайларын болдырмауға бағытталған.
Кодекстің мәтіні Мемлекеттік органдардың ғимараттарында жалпыға қолжетімді орындарда орналастырылады. Кодексте белгіленген қызметтік этика стандарттары барлық Мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметтік этика қағидаттарын сақтау мемлекет пен азаматтар игілігі үшін тиімді әрі адал жұмыс істеудің маңызды шарты екенін еске салады.