
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) чектеріне қойылатын талаптар өзгергенін хабарлайды.
Енді әрбір чекте міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс:
- тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы Тауар кодтары номенклатурасына (ТКН) сәйкес;
- ТКН бойынша тауардың сәйкестендіру коды;
- міндетті маркировкаға жататын тауарлар үшін сәйкестендіру құралдары.
Бизнес үшін жақсы жаңалық: ТКН енгізілуіне байланысты процесс жеңілдеді. Енді тауар атауларын қолмен енгізудің қажеті жоқ — штрихкодты сканерлеу жеткілікті, ал ақпарат мемлекеттік деректер базасынан фискалдық деректер операторларының сервистері арқылы автоматты түрде жүктеледі.
Назар аударыңыз! Жаңа техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және жаңа үлгідегі чектерді қалыптастыра алмайтын БКМ-дер Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінен шығарылады.
Кассалық жабдығыңызды тексеруді және қажет болған жағдайда жаңартуды ұсынамыз. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін чектерді беру әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.