
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері салық төлеушілер үшін семинар өткізді. Іс-шара барысында мамандар салық заңнамасының өзекті мәселелерін, онлайн-БКМ қолдану тәртібін, салық нысандарын толтыру ерекшеліктерін және кәсіпкерлерді қолдау шараларын түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға практикалық ұсыныстар мен жауаптар алды.