
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айқындалған тәртіпке сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 2 сәуірдегі №388 бұйрығы негізінде Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық жүйелер базасының деректері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуға жол берілетін өзге де мәліметтер негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері ретінде Департамент басқармаларының басшылары ұсынған мәліметтер пайдаланылды.
Ішкі талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасы қызметі бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.Аталған тәуекелдер бойынша әзірленген ұсынымдар қарау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментіне жолданды.
Алайда, қарау нәтижесі бойынша ұсынылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою жөніндегі ұсынымдар Кедендік бақылау департаментінің 2026 жылдың 11 маусымындағы № КГД-13-2-11/14030-ВН хатына сәйкес қолдау таппай, қабылданған жоқ.
II.Сипаттама бөлімі
Департамент қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында анықталған бірқатар тәуекелдер:
Тұрақты кедендік бақылау аймақтарының (КБА) жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаларының болмауы тұлғалар мен жүктерді еркін өткізуге және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жағдай жасайды.
Ұсыныс (жою жолы):
ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тұлғаларды өткізу ғана емес, сондай-ақ заңды негіздерсіз бөгде тұлғалардың (жолаушылар болып табылмайтын) кедендік бақылау аймағында болуы үшін әкімшілік жауаптылық белгілеу.
Құқықтық айқынсыздық бақылау рәсімдерін айналып өтуге және КБА режимін бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.
Ұсыныс (жою жолы):
ҚР ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы №42/қе бұйрығына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағы арқылы өтетін лауазымды тұлғалардың кедендік бақылаудан міндетті түрде өтуін белгілеу.
Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау аймағына рұқсатсыз кіруі лауазымды тұлғалармен сөз байласуға және тауарларды заңсыз өткізуге жағдай жасайды.
Ұсыныс (жою жолы):
ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 404-бабында уәкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеуі және қабылдауы үшін сілтемелік норма көздеу.
Әкімшілік заңнамадағы олқылықтарға байланысты КБА-да заңсыз болған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартудың мүмкін болмауы.
Ұсыныс (жою жолы):
ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабына өзгерістер енгізу арқылы кедендік бақылау аймағында заңсыз болу фактісі үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу.
КБА-да заңсыз болу үшін жауаптылықтың болмауы қайталама құқық бұзушылықтарға жағдай жасайды.
Ұсыныс (жою жолы):
Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау аймағында заңсыз болуы немесе болуы фактісін ӘҚБтК-нің 521-бабының қолданылу аясына енгізу.
Уәкілетті органдардың кедендік бақылау аймағына кіруі мен өту тәртібінің белгіленбеуі әртүрлі құқық қолдану тәжірибесі мен теріс пайдалануға жағдай жасайды.
Ұсыныс (жою жолы):
Кодекстің 404-бабына өзгерістер енгізіп, уәкілетті органдардың кедендік бақылау аймағынан өту тәртібін бекіту.
Лауазымды тұлғалардың КБА шекарасынан өтуі кезінде міндетті бірыңғай бақылаудың болмауы тауарларды заңсыз өткізуге жәрдемдесу тәуекелін арттырады.
Ұсыныс (жою жолы):
ҚР ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы №42/қе бұйрығына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағы арқылы өтетін лауазымды тұлғалардың кедендік бақылаудан міндетті түрде өтуін көздеу.
Лауазымды тұлғалардың қасақана немесе салғырттықпен кедендік бақылауды айналып өтуге жәрдемдесуі мемлекеттік шекара арқылы тауарлардың заңсыз өткізілуіне алып келеді.
Ұсыныс (жою жолы):
Кедендік бақылау аймағынан өту тәртібін қатаң регламенттеу және барлық тұлғаларға қатысты міндетті кедендік бақылау рәсімдерін енгізу. Бұл тауарларды заңсыз өткізу әрекеттерінің алдын алуға және мемлекеттік шекарадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
АРБ басшысы А.С. Жаумытбаева