
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Кеден өкілі – кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе басқа мүдделі тұлғаның атынан кедендік операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға екенін хабарлайды.
Ол өз қызметін клиентпен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады және оның мүдделерін кеден органдарында білдіреді.
Негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кәсіби қызмет көрсету, кедендік ресімдеуді дұрыс ұйымдастыру және кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.
Негізгі функциялары:
- кедендік декларацияларды дайындау және тапсыру;
- кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- кеден заңнамасы бойынша кеңес беру;
- құжаттарды тексеру;
- СЭҚ ТН кодтарын анықтау;
- кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу.
Кеден өкілі ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен кеден заңнамасы талаптарының сақталуына жауап береді.
Осылайша, кеден өкілі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдары арасындағы кәсіби делдал болып табылады.