БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілді

БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды, БКМ чегінде сонымен қатар мыналар болуы керек:

- ТҰК-ға (Тауарлардың ұлттық каталогы) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

- ТҰК-ға сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалануға жататын тауарларға салынған сәйкестендіру құралы.

Техникалық талаптар аясында БКМ-де оны ТҰК-ға автоматты түрде қосуға арналған сервис іске асырылды.

Бүгінгі таңда шағын бизнес субъектілері үшін ТҰК-ны енгізу арқылы чекте тауар атауларын көрсету рәсімі жеңілдетілді.

БКМ-ді қолдану кезінде тауардың штрих-кодын сканерлеу жеткілікті болады, тауар атаулары ТҰК ММД-на (Мемлекеттік мәліметтер базасына) енгізілген және ФДО сервистерінде қамтылған.

Бұл ретте техникалық талаптарға сәйкес келмейтін БКМ модельдері БКМ мемлекеттік тізілімінен шығарылады.

БКМ чегінің бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі 2026 жылы ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.