Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында мамандар Департаменттің қызметі, салық және кеден органдары жұмысының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарында мансаптық өсу және практикадан өту мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Салықтық әкімшілендіру, көлеңкелі экономикамен күрес және өңірдің қаржы жүйесін дамытудағы жас мамандардың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.