Салық және кеден мәселелері бойынша цифрлық кеңесші

Салық және кеден мәселелері бойынша цифрлық кеңесші

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдары @salyqbot сілтемесі бойынша Telegram–да Чат–ботты іске асырғанын хабарлайды.

Salyqbot – қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr–кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.

SalyqBot көмегімен Сізде:

– салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;

– көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;

– салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;

– өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

– түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

– тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push–хабарламаларды, сондай–ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының – жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

– банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

– егер Сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.