
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.
Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсету қажет.
Кезекті/бастапқы салық есептілігі салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарының ақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.
Бұл ретте салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңі үшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.
Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.