
✅ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Утегенов Ертуған Кеңесұлы Мунайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барды.
Сапар барысында Ертуған Кеңесұлы қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен танысты, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Сондай-ақ ауданның салық төлеушілері мен басқарма қызметкерлеріне жеке қабылдау жүргізді.
Мұндай кездесулер туындаған мәселелерді жылдам шешуге, тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға көмектеседі.
📌 Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда.