
Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: сатушы әрбір тауарларды сатуда, жұмыстарын орындауда немесе қызметтер көрсету кезінде міндетті түрде сатып алушыға, бақылау-кассалық машина (БКМ) фискалдық түбіртегін беруі міндетті.
Бұл талап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және БКМ қолдану қағидаларында (ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен белгіленген, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді).
Түбіртекті талап ету не үшін маңызды?
Егер түбіртек берілмесе не істеу керек?
Түбіртекті бермегені үшін жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 284-бабы):
2026 жылдан бастап БКМ түбіртегінде тауар/қызмет атауы және оның Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) бойынша коды міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл талаптарды орындамау да БКМ қолдану тәртібін бұзу ретінде квалификациялануы мүмкін.
Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге үндеу тастайды: Заңнама талаптарын сақтаңыздар! БКМ-ді актуалды нұсқаға (2.0.3 протоколы) дейін жаңартыңыздар, чектерді дұрыс соғыңыздар және сатып алушыларға әрқашан беріңіздер. Бұл жай ғана міндет емес, сонымен қатар сіздің бизнесіңізді айыппұлдар мен шағымдардан қорғау.
Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады: әрбір сатып алу кезінде чек талап етіңіздер және бұзушылықтар туралы хабарлаңыздар.
Қосымша ақпарат алу үшін аумақтық салық органдарына хабарласыңыз.