Автокөлік теңізге батып кетті — бұл тек форс-мажор емес, сонымен қатар артық салықтар!

Автокөлік теңізге батып кетті — бұл тек форс-мажор емес, сонымен қатар артық салықтар!

Мынадай жағдайды елестетіп көріңіз: Каспий деңгейі күтпеген жерден күрт көтеріліп, сіздің автокөлігіңізді теңізге алып кетті, немесе басқа да табиғи апат орын алды. Көлік қалпына келтіруге келмейді, бірақ сіз белгі бермейінше Мемлекеттік кірістер органдары мұны «көрмейтінін» білесіз бе?

 

Неліктен салық есептеле береді?

 

Көлік салығы автокөлік ІІМ дерекқорында сіздің атыңызда тіркеуде тұрған уақытқа дейін есептеледі. Көлік темір үйіндісіне айналса да, ол салық салу объектісі болып саналады.

 

Іс-қимыл алгоритмі:

Бірден полицияны немесе ТЖ қызметін шақырыңыз. Сізге мүліктің жойылғанын немесе зақымдалғанын растайтын ресми құжат қажет болады.

Көлікті есептен шығаруды «кейінге» қалдырмаңыз. Салық есептеу тек тіркеуден шығарылған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

e-Salyq Azamat қосымшасында немесе egov.kz порталында көліктің мәртебесі «Есептен шығарылды» деп өзгергеніне көз жеткізіңіз.

Есіңізде болсын: Тізілімдегі бір артық ай — бұл бюджетке төленуі тиіс салық. Жылдам әрекет етіңіз!