
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салықтық берешектің алдын алуға және оны уақтылы өндіріп алуға бағытталған.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда салық төлеушілерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары кезең-кезеңімен қолданылады.
Шекті мөлшерлер
Егер салық берешегі 20 АЕК-тен (86 500 теңге) асса:
- Салық кодексінің 86-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.
- 185-бапқа сәйкес берешек банктік шоттардағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алынады.
Егер салық берешегі 45 АЕК-тен (194 625 теңге) асса:
- Салық кодексінің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойылады.
- 186-бапқа сәйкес берешек дебиторлық берешек есебінен өндіріп алынады.
- 187-бапқа сәйкес берешек билік етуі шектелген мүлікті өткізу арқылы өндіріп алынады.
Бұл шаралар:
- салық берешегінің алдын алуға
- бюджетке түсімдерді уақытылы қамтамасыз етуге
- салық тәртібін нығайтуға бағытталған.