
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынан келгендей болып хабарламалар келіп жатқанын хабарлайды. Онда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады.
Бұл — алаяқтар!
Олардың мақсаты қарапайым: сізді қорқыту, шатастыру және жеке деректеріңізді немесе ақшаңызды иемдену.
Алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтаңыз:
Не істеу керек:
- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;
- жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;
- ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескерту
Оңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады.
Хабарламаны мына жолдармен беруге болады:
- ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;
- e-Salyq Business мобильді қосымшасында;
- банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);
- Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке барып.
Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе «алдын ала жазылуларды» қалыптастырмайды және талап етпейді.
Сақ болыңыз. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.
Ақпаратты тексеріңіз. Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.