
Ақтауда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шағын және орта бизнес пен консалтингтік компаниялардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өткізді.
Семинар аясында салық салудың негізгі өзгерістері мен өзекті мәселелері, оның ішінде салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіру, камералдық бақылау, сондай-ақ арнайы салық режимдерін (АСР) қолдану мәселелері бойынша негізгі өзгерістер мен өзекті тақырыптар қаралды.
Сонымен қатар, салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын арттыруға және салық заңнамасын тәжірибеде қолдану мәселелерін түсіндіруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар кәсіби қоғамдастықпен ашық диалог орнатуға және бизнес өкілдерінің салық саласындағы өзгерістер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал етеді.