Әлен Қайрат Балқанұлы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Әлен Қайрат Балқанұлы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ж.Дүйсембиевтің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 38-Ж бұйрығымен Әлен Қайрат Балқанұлы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бүгін Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Арман Ахметқалиев департамент ұжымына өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Әлен Қайрат Балқанұлы 1982 жылы 12 қаңтарда Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қазақ көлік және коммуникация академиясын «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде жетекші маман қызметінен бастаған.
2009 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.