Шығыс операцияларын тоқтата тұру

Шығыс операцияларын тоқтата тұру

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті банктік шоттар (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізілетінін хабарлайды:

- салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген;

- салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама орындалмаған;

- салық органының лауазымды адамдарының Салық кодексінде белгіленген салықтық тексеру жүргізу тəртібін бұзған жағдайлардан басқа, олар салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге жəне зерттеп-қарауға жіберілмеген;

- камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама орындалмаған;

- дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама орындалмаған;

- тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарлама орындалмаған жағдайларда.