
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «2022 жылғы 19 сәуірдегі ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №84 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізілетінін хабарлайды.
Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері кезінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде автомобиль және теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кезең-кезеңімен енгізілетін болады.