Топ 3 сұрақ-жауап, нені білу маңызды

Топ 3 сұрақ-жауап, нені білу маңызды

СҰРАҚ 1. 2026 жылға дейін сатып алынған тауарлардың қалдықтарымен не істеу керек?

 

ЖАУАП. 2026 жылға дейін 12% мөлшерлеме бойынша сатып алынған тауарлар (қалдықтар) оларды қандай да бір түрде бөлек ескерудің қажеті жоқ, бұл ретте оларды 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін одан әрі өткізу 2026 жылдан бастап қолданыстағы Салық кодексінде көзделген мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады (16%, 10%, 5%).

 

СҰРАҚ 2. 2026 жылы бейрезидент – жеке тұлғаға төленетін дивидендтерге салық салу тәртібін түсіндіруді сұраймын үлесі 60% және бейрезидент – заңды тұлғаға капитал үлесі 40%?

 

ЖАУАП. Заңды тұлғаның жарғылық капиталында 25% және одан көп мөлшерде үлесі бар бейрезидент – жеке тұлғаға дивидендтер төлеу:

1) 230 000 АЕК-тен аспайтын табыс сомасы кезінде 5% мөлшерінде жеке табыс салығының мөлшерлемесі қолданылады;

2) 230 000 АЕК асатын табыс сомасы кезінде мынадай құрамдастырылған мөлшерлеме қолданылады:

5% - 230 000 АЕК шегіндегі табысқа және 15% - асып кету сомасына. Заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын бейрезидент – заңды тұлғаға дивидендтер төлеу:

корпоративтік табыс салығының 15% мөлшерлемесі қолданылады.

 

СҰРАҚ 3. 2026 жылдан бастап ҚҚС салу тұрғын үйді сату және жалға беру қалай өзгереді?

 

ЖАУАП. 2026 жылдан бастап тұрғын үйді сату және жалға алу кезінде ҚҚС-тан босату бойынша өзгеріс енгізілді.

Құрылыс компаниясы құрылысы басталған және (немесе) пайдалануға қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған тұрғын үй ғимаратты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) сату ҚҚС-тан босатылатын болады. Сондай-ақ, ҚҚС-тан босату 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарты бойынша тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) жалға беру кезінде қолданылатын болады.