
Ш. Есенов атындағы "Yessenov University" Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде студенттердің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты-білім алушыларда қаржылық сауаттылық, салық мәдениеті, адалдық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру.
Кездесу жаңа Салық кодексіне, мобильді аударымдарға, Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдеріне және басқа да мәселелерге арналды.
Кездесуде МКД қызметкерлері ҚР жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар, мобильді аударымдар және басқа да өзекті мәселелер туралы хабардар етті.
Сондай-ақ қатысушыларға e-Salyq мобильді қосымшалары бойынша ақпарат беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
Кездесу барысында университет студенттері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Қатысушылар салық салу мен кедендік әкімшілендірудің басқа да мәселелері бойынша түсіндіру кездесулері шеңберінде МКД қызметкерлерімен қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.