Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша семинар

Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша семинар

Мұнайлы ауданында жаңа Салық кодексінің ережесін түсіндіру бойынша семинар өтті.

Іс-шараны Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары басқармасы ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру.

Іс-шараға ауданның шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Семинарда қаралған негізгі мәселелер: сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу, жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемелерін белгілеу, қосылған құн салығын (ҚҚС) реформалау, «сән-салтанат салығын» енгізу, арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер, салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық есептілігі нысандарын қысқарту.

Семинарға қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, оларды толғандыратын тақырыптарға ашық диалог форматында жауаптар берілді.

Іс-шара жұмыстың ашықтығын және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ететін кәсіпкерлермен ашық қарым-қатынас үшін диалог алаңын құруға ұмтылысын атап өтті.