
Бейнеу ауылында Бейнеу ауданы әкімдігінің алаңында салық төлеушілерге арналған семинар өтті.
Семинарда кәсіпкерлер арнайы салық режімдерінің үш санатқа дейін азаюына байланысты көкейдегі сұрақтар қарастырылады. Осы реформаға сәйкес салық есебін жүргізу мен бизнеске арналған салықты басқару қызметі жеңілдей түседі. Бұған қоса өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік жарналарды табыстың 4% мөлшерінде белгілей отырып, жеке табыс салығын төлемеу арқылы жылына 4080 АЕК-ке дейінгі кірістерді заңды түрде алуға мүмкіндік беріліп отыр. Шағын бизнес үшін белгілі бір шарттарды орындау кезінде (2% дейін төмендейтін) ең жоғары 4% мөлшерлемесі бар арнайы салық режімі белгіленді. Бұл амал кәсіпкерлерге жүктемені азайтып, салық салу жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Жаңа заң кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетіп, есеп-қисапты шамамен үштен біріне дейін азайтуға септесіп, декларация жылына бір рет қана өткізілетін болады. Ережелердің сақталуын бақылау тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қарыз сомасы аз болған жағдайда кәсіпорындардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Осының барлығы бизнеске қолайлы жағдай жасап, экономикалық дамуға жол ашады.
Іс-шара барысында Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері өзекті сұрақтарға толық жауаптар берді.