Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта өтіп жатқан бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске бағытталған 2 ауқымды акциялар туралы еске салады.
- «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.
- «Бәйге» акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін — мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!
Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.
Сатып алыңыз — сканерлеңіз — жеңіңіз!