2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмысы шеңберінде Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2025 жылғы 8 қазанда семинар өтті. Семинар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қаралды. Салықтық жеңілдіктер, салықтық есептілік нысандарын қысқарту, сараланған салық ставкалары, ЖТС ставкалары, ҚҚС реформалау, салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар ашық диалог форматында өтті және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыруға және қолдауға, іскерлік белсенділікті дамытуға, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, УГД-да Ашық есік күні өткізілді.