Салықтық зерттеп-қарау

Салықтық зерттеп-қарау

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны Салықтық зерттеп-қарау болып табылатынын хабарлайды.

Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.

Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін Салық кодексінде айқындалған тәртіппен куәгерлер тартылады.