Пойыздан декларацияланбаған шетел валютасы табылды

Пойыздан декларацияланбаған шетел валютасы табылды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бейнеу» кеден бекетінің қызметкерлері кеден шекарасы арқылы шетел валютасын декларацияламай алып өту фактілері бойынша әкімшілік материалдар жасады. Ақша «Волгоград – Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жүргізу барысында анықталды.

 

1967 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы М. кеден шекарасы арқылы декларациялауға жататын 20 000 АҚШ долларын кеден органына хабарламай өткізген.

Аталған факт бойынша Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының қаулысымен М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 343 350 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

10 000 АҚШ доллары мемлекет кірісіне тәркіленіп, 10 000 АҚШ доллары сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін азамат М.-ға қайтарылатын болды.

 

1970 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматшасы А. да кеден шекарасы арқылы декларациялауға жататын 17 600 АҚШ долларын хабарламай өткізген.

Бұл факт бойынша Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының қаулысымен А. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 020 946 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

7 600 АҚШ доллары мемлекет кірісіне тәркіленіп, 10 000 АҚШ доллары сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін азаматша А.-ға қайтарылатын болды.