Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің (14-тарауының 2-параграфы) ережелерін іске асыру мақсатында «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірлегенін хабарлайды.
Деңгейлес мониторинг дегеніміз не?
Деңгейлес мониторинг – салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы ашықтық, сенім мен әріптестік қағидаттарына негізделген өзара іс-қимылдың жаңа нысаны. Негізгі мақсаты – салықтық тәуекелдерді азайту және салықтық бақылау рәсімдерін компанияның кәсіпкерлік қызметіне араласпай оңайлату.
Бұйрық жобасының негізгі ережелері:
- деректер витринасына, ішкі бақылау жүйесіне және есептілікті ашуға қойылатын талаптар белгіленген;
- деңгейлес мониторинг жүргізу туралы өтініштерді беру, келісімдер жасасу және бұзу тәртібі белгіленген;
- мониторинг жүргізу рәсімі регламенттелген.
Мониторинг қалай жүргізіледі?
- Жүйеге қатысу ерікті болып табылады. Өлшемшарттарға сәйкес келетін компаниялар уәкілетті органмен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы келісім жасай алады.
- Өзара іс-қимыл электрондық форматта, салықтық есептілікке, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе – «деректер витринасы» арқылы жүзеге асырылады.
- Мұндай тәсіл салық төлеушілердің қызметін жедел талдауға, рәсімдерді оңайлатуға және салықтық бақылау мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Бизнес үшін артықшылықтары:
- әкімшілік жүктемені азайту;
- салықтық әкімшілендірудің болжамдылығы мен ашықтығы;
- дәстүрлі тексерулер санының азаюы;
- бизнес пен мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту.
Деңгейлес мониторинг — бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалог пен әріптестікке жасалған қадам.