Жауап
Қазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады.
Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген.
Осылайша, валюта бағамының өзгеруіне байланысты теңгемен төленуге жататын (алынған) кредит (қарыз, микрокредит) сомасын түзету (индекстеу) сыйақы деп танылмайды. Бұл «сыйақы» ұғымында анықталған.
Салық есебінде міндеттемелерді (талаптарды) осындай индекстеу ҚЕХС және бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес ескеріледі.