Салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды салықтық тексерулерге дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулерге дайындалу бойынша негізгі ұсынымдарды түсіндіреді.
Мұндай дайындық салық төлеушілерге салықтық тәуекелдерді азайтуға, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік кірістер органдарымен конструктивті өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты төмендегідей дайындық шараларын қабылдау ұсынылады:
Назар аударыңыз. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 211-бабының 5-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқама алынған күннен бастап тексеру кезеңіне қатысты салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді — бұл талап нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) қолданылады.
Қорытынды. Салықтық тексерулерге уақтылы және жүйелі түрде дайындалу — тек жауапкершілікке тартылу тәуекелін төмендетуге ғана емес, сондай-ақ бизнес пен мемлекет арасындағы тұрақты және ашық қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.