Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі экономикаға және контрафактіге қарсы күрес мақсатында Қазақстанда тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесі енгізілгенін хабарлайды. Бұл дегеніміз:
- бизнесте ашықтық;
- сапа мен қауіпсіздікке кепілдік;
- контрафакт пен көлеңкелі нарықты азайту.
Темекі өнімдеріне ерекше назар аударылады. Таңбалаудың арқасында ел бойынша контрафакт көлемі 8,3 млн-нан 4,8 млн пакетке дейін төмендеді, ал акциздік түсімдер 151,4 млрд теңгеге дейін өсті.
Naqty Onim қосымшасы арқылы өнімнің заңдылығын тексеріңіз – егер код оқылмаса немесе бүлінбесе, бұл туралы хабарлаңыз!
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті:
Бизнес – ережелерді сақтау,
Сатып алушылар – мұқият болуға шақырады!