Салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылады

Салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылады

Құрметті салық төлеушілер!

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі – Хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы тек СӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.

Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН)  ұсыну жөніндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады (https://cabinet.kgd.gov.kz) СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.

СӘАЖ СТК-де тіркелу және жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулықтар Комитеттің youtube каналында сілтеме бойынша орналастырылған https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.

СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің ҚолдауКөмекАнықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8 (7172) 73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;

СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.