Азаматтарды көшпелі қабылдау

Азаматтарды көшпелі қабылдау

Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері әкімдікпен, прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясына қатысты.

Іс-шара шеңберінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру жолымен халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ жеке тұлғалардың салықтарға қатысты сұрақтарына жауап беру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қанағаттану деңгейін анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізу.

Жеке тұлғалар салықтар бойынша берешектің болуына/болмауына қызығушылық танытты, жеке тұлғалардың банкроттығына және жалпыға бірдей декларациялауға қатысты сұрақтар қойды. Өз кезегінде мамандар ҚР ҚМ МКК цифрлық өнімдерінің артықшылықтары туралы айтып берді, соның арқасында қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады.